ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ақпараттық насихаттық тобы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Бүгіні мен болашағы» атты мәдени танымдық іс-шаралар өткізеді

ТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат. Елбасы «Болашақты бірге жасаймыз» атты Жолдауында Қазақстанның өркендеп гүлденуінің басты факторы ретінде еліміздегі тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтастық екенін атап өткен болатын. Негізгі міндеті қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету болып табылатын Ішкі әскердің бұл істе айтарлықтай үлесі бар екені анық.

ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ақпараттық насихаттық тобы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Бүгіні мен болашағы» атты мәдени танымдық іс-шаралар өткізеді

Бүгінгі таңда Ішкі әскердің сардарлары мен сарбаздары алдында маңызды мемлекеттік міндеттер жүктеулі тұр. Сол себепті ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің ақпараттық насихаттық тобы еліміздің Батыс өңірінде «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Бүгіні мен болашағы» атты жауынгер рухы мен жігерін арттыратын мәдени танымдық іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Ішкі әскерлер баспасөз қызметі.

Насихаттық топтың негізгі мақсаты әскери қызметшілер мен аймақ тұрғындарына Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асырудың маңыздылығын түсіндіру. Жергілікті жерлерде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін Ішкі әскер жауынгерлерінің қызметі мен әскери дәстүрін дәріптеу болып табылады.

Еліміздің жиырма жыл ішінде әр салада жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін баяндап, жастардың ел болашағына деген сенімін арттыру.

Алдына үлкен мақсат қойған насихаттық топ қазанның 2011 жылдың 9 мен 13 қазан аралығында Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерінде кездесулер өткізіп, Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Ән-би Ансамблінің концерттік бағдарламасын өңір тұрғындарына тарту етпекші.

10 қазан күні сағат 10.00-де Ақтөбе қаласының «Нұр Отан» ХДП ғмаратында жергілікті билік өкілдерімен және «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы мүшелері мен ардагерлер кеңесінің бастарын қосып, Жолдаудың өңірге қатысты тармақтарын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сонымен қатар облыс орталығындағы Жоғары оқу орындарының студентерімен кездесу өтеді.

Ансамбль өнерпаздары Әскерге шақырылушы жастарды Ішкі әскер қатарында қызмет етуге деген ынтасын арттыруға бағытталған аға ұрпақ ерліктерін дәріптейтін майдан әндері мен қазақ халқының, сондай-ақ өзге ұлт мәдениетінің өнер туындыларынан шашу шашпақ.

Ақтөбе облысындағы Алға қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концерт қойылып, сыйлықтар табыс етіледі. Жем және Ембі қаласының тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, Ән-би ансамблінің өнерпаздары концерт қояды.

Насихаттық топ өз жұмысын қазанның 14-нен 17-і аралығында Батыс Қазақстан облысында жалғастырып, осындай іс-шаралар өткізеді. Облыстағы Зеленов ауданындағы Переметное ауылы, Дерқул ауылы, Тасқала ауданы орталығының тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, концерттік бағдарлама ұсынылады.