19:49, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының жаңа бастығы тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚР ІІМ -нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының бастығы болып полиция генерал-майоры Серік Еркінов тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол бұған дейін ҚР ІІМ Академиясын басқарған болатын. Бүгін жоғары оқу орнының жаңа басшысымен Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин кездесті. «Институтты оның түлегі басқаруы өте жақсы», - деді облыс басшысы. Биыл өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған білім ордасының басшысына игі тілектерін жеткізумен қатар Н.Нығматуллин жаңа басшы жоғары оқу орнын кезекті биіктерге көтеретініне сенім артты. С.Еркінов 56 жаста. 1975 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітіріп, осында қызмет атқарды. 1989 жылдан Алматыда ҚР ІІМ оқу орындарында еңбек етті, әртүрлі басшылық қызметтер атқарды.