ҚР ІІМ сайтында құқық қорғау қызметкерлерінің кезектен тыс аттестаттауына байланысты арнайы бөлім қызмет көрсетеді

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ-нің www.mvd.gov.kz веб-порталындағы «Навигация» айдарында құқық қорғау органдарының кезектен тыс аттестаттаудан өтуіне байланысты арнайы бөлім қызмет көрсетеді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында  мәлім болды.

Министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрділдә Ораздың айтуынша, бұл бөлімде құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуге қатысты толыққанды ақпарат беріледі. Ақпараттар қазақ және орыс тілдеріндегі тақырыптық топтамаларды қамтиды. «Сондай-ақ, «Интерактивтік қызмет» бөліміндегі «Сұрақ-жауап» айдарында сайт қолданушылары жоғарғы аттестаттау комиссиясы аттестаттайтын ІІО қызметкерлерінің құқық бұзушылықтары туралы жазып, аттестаттаудан өтетін қызметкерлерге арналған тілектерін немесе ұсыныстарын білдіре алады. Орталық және аумақтық комиссия аттестаттайтын тізімді де аталмыш бөлімнен көруге болады», - дейді Н. Ораз.

Соңғы жаңалықтар