Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Қаржы министрі Үкіметке ӘКК активтерін жергілікті органдарға берудің егжей-тегжейлі шараларын ұсынды

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ӘКК өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді,

ҚР Қаржы министрі Үкіметке ӘКК активтерін жергілікті органдарға берудің егжей-тегжейлі шараларын ұсынды

деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Кеңесте ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы баяндады және ӘКК активтерін жергілікті атқарушы органдарға берудің егжей-тегжейлі шараларын ұсынды. Бұл қадам Мемлекет басшысының жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі алға қойған жаңа міндеттері ескеріле отырып, әкімшілік реформалар ауқымында жасалды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ ӘКК-лерді бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық корпорациялар етіп қайта құру үдерісін шапшаңдатуға тапсырма берді.