ҚР Қаржы министрінің қатысуымен «Кедендік одақ: Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында Online-конференция өтеді
СТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Ақпанның 22-сінде BNews.kz (www.bnews.kz) порталында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің қатысуымен «Кедендік одақ: Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында Online-конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференция барысында Қаржы министрі 2010 жылы шілденің 1-інен бастап тауарларды кедендік рәсімдеуді алып тастауға байланысты бизнес үшін мүмкінді тәуекелдер, Кедендік одақтың Кедендік кодексінің нормалары, Қазақстанның Кедендік одаққа кіруінің әртүрлі аспектілері туралы әңгімелейтін болады.