ҚР Қаржы министрлігінің алқасында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мәселесі талқыланды

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алқасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан – дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мәселесін талқылау селекторлық кеңес түрінде өтті және ведомство органдарының 2009 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары шығарылды,

ҚР Қаржы министрлігінің алқасында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мәселесі талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Мемлекет басшысының Жолдауында ведомство алдына қойған бірінші кезектегі міндеттерді шешудің бағыттарын белгіледі. Оны жүзеге асыру үшін Үкімет «Жол картасы» деп аталатын Іс-қимыл жоспарын бекітті. Жол картасында белгіленген негізгі басымдықтар ? аймақтық жұмыспен қамту стратегиясы, кадрлар даярлау, агроөнеркәсіптік кешенді жеделдете дамыту, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру, сондай-ақ индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар.Жұмыспен қамту және елдің дағдарыстан кейінгі кезеңде дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жасалды, онда дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жеделдетілген тәртібі көзделген. Бұл заң жобасы қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып, Сенатқа берілді. Бұдан басқа Б.Жәмішев министрлік жаңа Салық кодексінің қағидаттарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүкіләлемдік банкпен 2010-2014 жылдарға арналған салықтық әкімшілендіруді роформалаудың инвестициялық жобасы бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.Б.Жәмішев мемлекеттік бюджеттің 2009 жылдың І тоқсанда орындалу қорытындысын келтірді. Заемдардың түсуін есептемегенде. Мемлекеттік бюджет түсімдері 791,1 млрд. теңгені құрады және есепті мерзімнің жоспары 103,6 пайызға орындалды, соның ішінде кірістер 796,3 млрд. теңге болып, 103,5 пайызға орындалды, оның ішінде салық түсімдері 515,2 млрд. теңге яғни, 102,8 пайыз, салықтық емес түсімдер ? 23,7 млрд.теңге немесе 117,6 пайыз, трансферттік түсімдер ? 250,0 млрд. теңге немесе 100,0 пайыз, бюджеттік несиелерді өтеу ? 0,5 млрд. теңге болды. Заемдардың түсімдерін есептемегенде республикалық және жергілікті бюджеттер түсімдерінің орындалуы да тиісті деңгейде болды. 2009 жылғы сәуірдің 1-іне мемлекеттік бюджеттің шығындары (заемдарды өтеуді қоспағанда) 709,8 млрд.теңге немесе төлемдерді қаржыландырудың 87,0 пайызын құрады. Осы кезеңдегі игерілмеген бюджет қаражаты республикалық бюджет бойынша 58,1 млрд. теңгені құрады. Министр жыл басынан бері экономика салаларына қатысты стратегиялық маңызы бар бірқатар заңдарға толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Баяндамасының қорытындысында Б.Жәмішев тұтастай алғанда Қаожы министрлігінің жұмыс сапасын жақсарту үшін департаменттер мен комитеттер алдына бірқатар міндеттер қойды.