ҚР ККМ қазақстандық 6 авиакомпанияның пайдаланушы сертификатын қайтарып алды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің мамандарының ИКАО сарапшыларымен бірлесіп өткізген қайта сертификаттау нәтижесінде «D.E.T.A. Air» АҚ, «МЕГА» АК АҚ,
None
None

«Евро-Азия Эйр Интернейшнл» АК АҚ, «Samal Air» АК АҚ және «Азия Континенталь Эйрлайнс», «КазЭйр Вест» АҚ авиакомпанияларының авиациялық қызметпен айналысу құқығын беретін сертификаттары қайтарылып алынды. Бұл шаралар авиакомпаниялардың сертификациялық талаптарға сәйкес болмауына байланысты қолданылды, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Семейавиа» АҚ авиакомпаниясының эксплуатант екендігі жөніндегі сертификаты ұзартылған жоқ. Сертификациялық зерттеу жөніндегі әжептәуір ескертпелердің айқындалуына, оның ішінде компанияның қажетті штат, ұшу, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету құжаттарының болмауына байланысты «Irtysh-Air» және «Jet Airlaines» АК АҚ-ның сертификаттарының жарамдылығы ескертпелерді жойғанға дейін уақытша тоқтатылды.

Бұның сыртында 163 әуе кемесі тексерістен өтті. Тексеріс барысында 1 әуе кемесін пайдалану тоқтатылды, 22 әуе кемесінде белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталды, олар бүгінгі таңға түзетілді.

Коммерциялық ұшулар жасайтын авиакомпаниялар мен әуе кемелерін қайта сертификаттау үдерісі ИКАО-ның мамандарымен бірлесе отырып ағымдағы жылдың наурыз айында басталғандығын еске саламыз. Бүгінгі күнге азаматтық авиацияның 57 ұйымы сертификаттаудан қайта өткізілді. Олардың арасында 54 авиакомпания мен 3 техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар және 163 әуе кемесі бар.

Соңғы жаңалықтар