ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы С.Баймағанбетовке қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 15 маусымда ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы
Серік Баймағанбетовке қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі көлемде пара алу фактілері бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтады.
Баймағанбетов облыстық кедендік бақылау департаменттерінің бірінің бастығы орынбасарының лауазымына тағайындау және қамқорлық жасау үшін бөліп-бөліп 80 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталуда.
Оған қоса Баймағанбетовке қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, кедендік бақылау органдарына шын мәнінде өз қызметтік міндеттерін атқармаған тұлғаларды қызметке қабылдау туралы заңсыз нұсқаулар берген деп айып тағылуда.
Бүгінгі күні айыпталушы мен оның қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде.