ҚР Көлік және коммуникация министрі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын іске асыру барысы тіралы селекторлық кеңес өткізді

деп хабарлады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.
Министрліктің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов, сондай-ақ автомобиль жолдары комитетінің Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары департаменттерінің директорлары жобаның ағымдағы іске асыру барысы туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, селекторлық кеңесте өңірлік департаменттердің басшылары жер учаскелерін сатып алу жұмыстарын жүргізу барысы жайлы хабардар етті.
Селекторлық кеңестің қорытындысы бойынша Б. Камалиев автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері басшыларына: Ақтөбе және Жамбыл облыс департаменттеріне ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін және Қызылорда мен Жамбыл облыс департаменттеріне 15 желтоқсанға дейін автомобиль жолдары комитетіне жолды аяқтау сертификаттарын ұсыну; ағымдағы жылғы 15 желтоқсанға дейін барлық жұмыстарды аяқтап, ағымдағы жылдың қорытындысын шығару; тиянақтау жоспарына сәйкес құралдардың толық игерілуін қамтамасыз ету; қадағалауды қатайту және жұмысты орындау кестесін бұзған мердігерлік компанияларға уақытылы жазалау шараларын қабылдау жайлы тапсырмалар берді. Көлік ведомствосының басшысы мердігерлік компаниялар басшыларына 2011 жылғы жоспардың орындалуын толық қамтамасыз ету, сондай-ақ, орнатылған мерзімдерге сәйкес сертификаттарды уақытылы қарауға ұсынуды жүктеді.