ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев «Арселор Миталл Темиртау» АҚ басшылығымен кездесу өткізді

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев «АрселорМиталл Темиртау» АҚ басшылығымен, оның ішінде бас директоры Вижа Махадеван Субраманьяммен, кәсіпорынның бұрынғы бас директоры Франк Паннирмен және әлеуметтік мәселелер жөніндегі директор Нұрғазы Жарылғаповпен кездесу өткізді,
None
None

деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрігінің баспасөз қызметі.

Көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев кәсіпорынның темір жол көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемі туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, «АрселорМиталл Темиртау» АҚ ағымдағы жылдың басынан 10 млн. 580 мың тонна жүк тасымалдады. Бұл жоспардың 96% (11 млн. тонна) құрайды. Оның ішінде, 7 млн. 596 мың тонна көмір (96%), металл - 2 млн. 655 мың тонна (99%) және 333 мың тонна (90%) қорытпа қалдығы тасымалданды. Жоспардың орындалмауы жүк жөнелтуші тарапынан жіберілген ұйымдастырушылық себептерден болды.

Министр қазіргі таңда «ҰК «ҚТЖ» АҚ ашық вагондар паркінде 23 мың ашық вагон бар екендігін айтып өтті. «ҚТЖ» ҰК АҚ ашық вагондармен мынадай тәртіппен қамтамасыз етеді: мемлекет ішінде көмірді тасымалдау; өндірістің үздіксіз циклі бар ірі жүк жөнелтушілердің жүктерін тасымалдау; өндірістің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қажетті көлеммен қамтамасыз ететін ұйымдардың жүктерін тасымалдау. Осыған орай, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ үшін үсті ашық вагондарды ұсыну 100% жүзеге асырылуда. Қорытындылай келе, министр «ҰК «ҚТЖ» АҚ үсті ашық вагондарды сатып алуға дайын, алайда нарықта бұл вагондар жеткіліксіз екенін атап өтті. Осыған орай, «АрселорМиталл Темиртау» АҚ өндірістің есебінен өзінің үсті ашық вагондар паркін кеңейтумен айналысқаны жөн.

«АрселорМиталл Темиртау» АҚ бұрынғы бас директоры Франк Пиннер кәсіпорынның басшылығы үнділік «Simplex» компаниясы арқылы ашық вагондарды өндіру мәселесімен айналыса бастағанын айтты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ашық вагондарды беру және жүктерді жөнелту жағдайы туралы уақытылы ақпараттандыру негізінде барлық мәселелерді оперативті режимде шешуге келісті.

Соңғы жаңалықтар