Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Көлік және коммуникация министрі Маңғыстау облысында іссапармен болып қайтты

АҚТАУ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат. /Жетібай Шаханұлы/ - Кеше ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов бір күндік іссапармен Маңғыстау облысында болып қайтты,

ҚР Көлік және коммуникация министрі Маңғыстау облысында іссапармен болып қайтты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сапар барысында Ақтау халықаралық әуежайы мен «Ақтау-Құрық» тас жолының құрылысы барысымен танысқан министр «Ералиев-Құрық» теміржол телімінің алғашқы рельсін төсеу салтанатына қатысты. Одан соң астаналық мейман «Ерсай» компаниясында болды. Концессиялық келісім негізінде жүргізіліп жатқан Ақтау халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы мен қайтадан төселіп жатқан ұшу-қону жолағындағы жұмыстар кезең бойынша жүргізілуде. Құрылысын Түркияның «Туркуаз Инвест» ЖШС жүргізіп жатқан жаңа жолаушылар терминалында 2 телескопиялық элеватор саты, төлқұжаттық кабиналар, автоматтандырылған қауіпсіздік жүйесі, VIP, CIP залдары, дәмхана, мейрамхана, дүкендер, ана мен бала бөлмесі, намазхана, асхана сияқты қажетті нысандардың бәрі қарастырылған. Сағатына 450-500 жолаушы қабылдайтын әуежай ғимараты елімізде концессиялық тетікпен салынып жатқан алғашқы әуежайдың бірі. Ал әуежайдың бұрын ұшақтар қозғалысына тарлық етіп келген ұшу-қону жолағы табаны бетондалып, ұзындығы 3050 метрге, ені 60 метрге кеңейтілуде. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң мұнда ?Боинг?, ИЛ-62, ИЛ-86 сынды бір мезгілде он төрт алып әуе кемесін қабылдауға мүмкіндік туады. Әуежайдан соң министр Қарақия ауданына аттанып кетті.