12:29, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
ҚР Конституциялық кеңесі Ақмола облыстық сотының ұсынысын қарауға қабылдады
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат – Бүгін Республиканың Конституциялық кеңесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 484-бабының ҚР Конституциясына сәйкес келмейтіндігін тану туралы Ақмола облыстық сотының ұсынысын өндіріске қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш мемлекеттік органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Соттың пікірінше Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 484-бабына сәйкес көлік құралдарының жүргізушілерін көлік құралдарын пайдалану және жол қозғалысы ережелерін жүйелі бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту құқықтық тәртіп бұзғаны үшін қайтадан әкімшілік жауапқа тарту болып табылады, бұл Республика Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сай келмейді.