ҚР Конституциялық Кеңесі ҚР Президентінің өкілеттігін референдумда ұзарту мәселесі бойынша Ата Заңға енгізілген өзгерту мен толықтыруды ҚР Конституциясына сәйкес емес деп таныды
АНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін референдумда ұзарту мәселесі бойынша Ата Заңға енгізілген өзгерту мен толықтыруды ҚР Конституциясына сәйкес емес деп таныды.
«Конституциялық Кеңес 2011 жылғы 14 қаңтарда Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы Заңды Конституцияға сәйкес емес деп тануды қаулы етеді», -деді И. Рогов. Бұл заңға қол қойылмайды және ол күшіне енгізілмейді. Конституциялық Кеңестің қаулысы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.
И. Роговтың түсіндіруінше, Конституциялық Кеңестің шешіміне сәйкес, Конституция республикалық референдумды халықтың өз билігін тікелей жүзеге асыруының нысаны және мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін шешудің демократиялық әдісі деп айқындайды. Демек, Тұңғыш Президенттің - Елбасының Президенттік өкілеттігін ұзарту да осындай мәселе болуы мүмкін. Заңды зерделеу барысында Конституциялық Кеңес бұл заңның Президенттің өкілеттігін ұзартуды көздейтін нормасы заңдық тұрғыдан дәл жазылмағандығын анықтады.
Заңның бірінші тармағынан ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының Президенттік өкілеттігі қай мерзімге ұзартылатындығы байқалмайды. Мұндай ұзартудың бір жолғы, әлде қайталанатыны сипатта болатыны, не болмаса Мемлекет басшысын сайлаудан толығымен бас тарту көзделетіні анық емес. Осы конституциялық норманың анық жазылмауы Конститутцияда көзделген. Мемлекеттік және қоғамдық институттардың практика жүзінде үйлеспеушілігіне әкеп соқтыруы мүмкін.
«Сондықтан, ел Президентінің Парламент қабылдаған заңның конституциялығына күмән келтіруі әбден негізді болып шықты деп атап өтуге болады. Конституциялық кеңес бұл заңды Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Сондықтан бұл заңға қол қойылмайтын және оның қолданысқа енгізілмейтіндігін білдіреді. Сонымен бірге Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық кеңестің шешіміне 1 ай ішінде қарсылық білдіруге құқылы екендігін назарда ұстау керек»,-деді Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов.
Естеріңізге салайық, 2011 жылғы 17 қаңтарда ҚР Конституциялық кеңесі ҚР Президентінің ҚР Парламенті қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін өндіріске алды.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін референдумда ұзарту мүмкіндігін көздейтін бұл заң Парламент палаталарының бірлескен отырысында 14 қаңтарда қабылданған болатын. Сол күні Мемлекет басшысы заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішті Конституциялық кеңеске жолдаған. Заңның өзектілігін және қоғамдық саяси тұрғыдан маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық кеңес аталған өтінішті 17 қаңтарда өзінің отырысында қарап, іс жүргізуге қабылдаған болатын.
Конституцияға сәйкес, Конституциялық іс жүргізудің басталуы Парламент қабылдаған заңға қол қою үшін Мемлекет басшысына бөлінген 1 айлық мерзімді тоқтата тұрады. Сондай-ақ Конституциялық кеңес республика Президентінің өтінішін қарап шығып, оның мән-жайы бойынша 1 ай мерзім ішінде қорытынды шешім шығаруы тиіс.
«ҚР Конституциялық Кеңесі ҚР Президентінің Парламент қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Заңының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін қарап, бір ай мерзімі ішінде қорытынды шығаратын болады», - деп атап көрсеткен болатын 17 қаңтарда Мемлекет басшысының өтінішіне байланысты өткен ҚР Конституциялық Кеңес мүшелерінің отырысында ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Николой Белоруков.
«Конституциялық Кеңес 17 қаңтарда Елбасының өтінішін өндіріске алғаннан кейін, мемлекеттік органдардың өкілдері арасынан конституциялық іс жүргізуге қатысушылар тобын айқындау, сондай-ақ қажетті құжаттар мен өзге де материалдарды жинақтау және зерделеу жөніндегі дайындық жұмысын бастады. Бұдан бөлек, өтінішті қарауға әртүрлі кәсіп өкілдерінің кеңінен қатысуын және олардың пікірлері талдануын қамтамасыз ету мақсатында отандық және шетелдік ең білікті сарапшылар қатыстырылатын болады. Еліміздің Негізгі заңына сәйкес, Конституциялық кеңес Республика Президентінің өтінішін қарап шығып, оның мән-жайы бойынша бір ай мерзімі ішінде қорытынды шешім шағаратын болады», - деп атап көрсеткен болатын Белоруков.
ҚР Конституцифлық Кеңестің 17 қаңтарда таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, Елбасы Үндеуін қарауға қабылдағаннан кейін мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатарынан конституциялық өндіріске қатысушыларды анықтау, қажетті құжаттар мен басқа да материалдарды жинау және зерделеу жөніндегі дайындық жұмыстары басталған. Бұл жұмысқа ең білікті отандық және шетелдік сарапшылар тартылған.