ҚР Конституциялық кеңесі Үкіметке заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жасады

ң 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Конституциялық кеңесі «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңды және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды ҚР Конституциясына сәйкес деп тапты.

ҚР Конституциялық кеңесі Үкіметке заңсыз кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жасады

  Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Конституциясының 18 бабы 2 тармағының жекелеген нормаларын түсіндіру жөніндегі Парламент Мәжілісі Төрағасының өтініші мен аталмыш заңдардың ҚР Конституциясына сәйкестігін қарау жөніндегі Парламент Палаталары төрағаларының өтінішін қарау бойынша қабылданған Конституциялық кеңестің Нормативтік қаулысын жариялау кезінде Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституциялық кеңестің Нормативтік қаулысында жеке салымдар мен жинаған қаражаттың құпиялылығын, тұлғалардың шектеусіз тобы үшін жалпыға бірдей қолжетімді болып табылмайтын, салымшы туралы, оған тән ақшалар немесе басқа да мүліктер, соның ішінде банктік салымдар, өзге шоттар мен жинақтар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталдарындағы үлестер және өзге де мүлік, сондай-ақ олармен жасалатын операциялар туралы  заңмен қорғалған кез-келген мәлімет құрайтындығы атап көрсетілген.

 Жоғарыда айтылған заңдардың конституциялығын тексеру бөлігінде Конституциялық кеңес олардың Конституцияға сәйкестігін атап көрсетті. Сонымен бірге Конституциялық кеңес заңдардың тәжірибеде адам құқықтарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін бірқатар жетіспеушіліктеріне назар аударды. Осы орайда Үкіметке олардың қолданысқа енгізілу мерзіміне дейін (олар ресми жарияланғаннан кейінгі алты айдың ішінде) заңнамаға қажетті түзетулер енгізуге бастамашы болу жөнінде ұсыныс жасалды.