ҚР Конституциясы 20 жылдығының құрметіне оңтүстікқазақстандықтар мерейтойлық медальдармен марапатталды

«ҚР Конституциясына 20 жыл» медальдарімен марапатталған 45 адамның арасында облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері бар, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аймақ басшысының атап өтуінше, «Президент Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге танымал болып, дамыған отыз елдің қатарына кіру мүмкіндігіне ие болып отыр, ал 1995 жылы қабылданған Конституция біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктеріне жол ашты».
«Бұл сіздің облыс және ел дамуына қосқан үлесіңіз үшін беріліп отырған награда. Туған елдің экономикасын одан әрі дамытып, онда қоғамдық бірлік пен келісімді нығайтып жүретініңізге сенімдімін», - деді облыс әкімі, медальдарді табыстай отырып.
Халық қалаулыларының атынан А.Досболов сөз сөйлеп, Оңтүстік Қазақстан депутаттарының жергілікті билік пен Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық бастамаларын қолдауға дайын екеніне сендірді.