22:41, 29 Тамыз 2015 | GMT +5
ҚР Конституциясы күніне орай Қарағанды облысының тәртіп сақшылары марапатталды (ФОТО)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының ішкі істер департаментінде ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Қарағандылық полицейлер қылмыспен күресте әрдайым алдыңғы қатардан көрініп, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғай білді. Қоғамның дамуы, еліміздің экономикалық қуатты әрі тәуелсіз мемлекет ретінде әрі қарай ілгерілеуі біздің өз міндеттерімізді мүлтіксіз орындауымызға байланысты», - деді өзінің құттықтау сөзінде Қарағанды облысы ІІД бастығы Ерлан Омарбеков.
Шара барысында мемлекеттік мерекеге орай ішкі істер органдарының жемісті еңбек еткен 20-дан астам қызметкері марапатталды. Осы орайда, олардың спорт пен мәдениет саласындағы жетістіктері де ескерілді. Салтанатты жиын соң мерекелік концертке ұласты.