ҚР Қорғаныс министрлігінде лаңкестіктен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 9 маусым күні Қазақстанда Ақтөбе қаласында болған террористік актінің салдарынан құрбан болғандарға арнап ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестіктен қаза болғандар үшін ұлттық аза тұту күнін жариялады.
None
None

Бүгін таңсәріден ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының ғимаратында көк ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні бейбіт адамдардың, Ұлттық ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қаза болған қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Одан басқа, ҚР Қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады.

null 
null null null null  

Соңғы жаңалықтар