ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Мәдени мұра» жобасының алдағы стратегиялық бағыттарын таныстырды

АЛМАТЫ. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Бүгін Алматыда өткен «Мәдени мұра» стратегиялық жобасын жүзеге асыруға арналған қоғамдық кеңестің отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед 2009-2011 жылдарға арналған басты жұмыс бағыттарымен таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. М.Құл-Мұхамедтің айтуынша, басты бағыттардың бірі - ұлттық рәміздерді қалыптастыру. Мәселен Берел, Отырар, Есік қорғандарынан табылған жәдігерліктер бүгінгі елтаңбадағы бейнеленген көріністермен сабақтас. Сондықтан оларды терең зерттеп, сақтау керек. Одан кейінгі бағыт - Жібек жолы бойындағы тарихи орындар негізінде мәдени туризмді дамыту. Бұл бағытта ҚР Туризм және спорт министрлігімен бірлескен жұмыстар атқарылмақ. «Одан кейінгі бағыттың бірі - ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттау. Осы бағытта біз әлемдік «Discovery» арнасында 10 деректі фильм түсіруді жоспарлап отырмыз. Бұлармен қатар өткен 5 жылда табылған мәдени-тарихи мұра негізіндегі 12 қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыру көзделген. Сондай-ақ жүйеленген мұраны оқу үдерісіне енгізу қолға алынады. Сонымен қатар кадр саясатын жүргізу көзделіп отыр. Бұл бағытта мәдениеттану мамандығы бойынша шет елде маман дайындау мәселесі қолға алынады», - деді М.Құл-Мұхаммед.
Соңғы жаңалықтар