ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның отырысы болды

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде кеше, сәуірдің 28-де Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның отырысы болды,

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның отырысы болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алу конкурсы бірнеше кезеңмен өткізілді. Бірінші кезең ? құжаттарды қабылдау. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде 2009 жылғы 28 наурызда жарияланды. Конкурсқа қатысудың нәтижесі бойынша 14 үміткер өтінім берді. Екінші кезең? конверттерді ашу. 2009 жылғы 18 сәуірде Комиссия конкурсқа қатысушылардың қатысуымен өтінімдер және өзге де құжаттар салынған конверттерді ашты. Үшінші кезең - конкурстың қорытындысын жариялау. Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесіне сәйкес құжаттарды ашқаннан кейін он күн өткен соң Комиссия қорытынды жасады. Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу Ережесінің 19-тармағына сәйкес ең таңдаулы шығармашылық, техникалық және қаржылық ұсыныстар берген үміткерлер конкурстың жеңімпазы болып табылады. Комиссия жоғарыда аталған жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алу талаптарын басшылыққа ала отырып, мына үміткерлерді конкурстың жеңімпазы ретінде анықтады: - «Елорда тынысы» ЖШС мына қалаларға хабар тарату құқығын алды: Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Алматы, Атырау, Ақтау, Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда, Көкшетау, Семей, Қостанай, Тараз, Петропавл, Шымкент, Өскемен, Орал; - «Мириад» ЖШС-Ақмола облысының Жарқайың қаласы; - «ЮТ» ЖШС- Алматы облысының Есік қаласы. Сонымен бірге Комиссия жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алу конкурсын Ақмола облысының Ақкөл (105,2) және Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Аманқарағай стансысы (100,3) бойынша болмады деп тану туралы шешім қабылдады.