ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Құрманғалиева Тасқала ауданында болды

ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева Тасқала ауданында болып, аудан активімен кездесті.
None
None

Тасқалалық тұрғындар алдында сөз алған Жанна Құрманғалиева Елбасы Жолдауын халық арасында насихаттау мен түсіндіру үшін Астанадан Батыс Қазақстан облысына арнайы келгендіктерін жеткізді.

«Үкімет мүшелері жылына екі мәрте ел аумағын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздеседі. Онда тек жиналыс өткізіп қоймай, қойылған сауалдарға жауап беріп, мүмкіндігінше жергілікті жерде шешімін таппай тұрған түйткілді мәселелерді шешуге көмектесеміз. Сонымен бірге барған жерімізде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, мұң-мұқтажына құлақ асып, мәселенің оңды шешілуіне көмектесеміз», - деп бастады сөзін Жанна Дулатқызы.

Астаналық мейман Елбасы Жолдауының Батыс Қазақстан облысында нақты іске асып жатқандығын атап өтті. Елдегі әлеуметтік салада жүзеге асырылып жатқан бірнеше мемлекеттік бағдарламаны мысалға келтірді. «Мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау саласы тұрақты дамып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең қиын кезеңнің өзінде мәдениет саласы қолдаусыз қалған жоқ. Елбасының тікелей бастамасымен тоғыз жылдан бері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске асуда. Осы бағдарламаның арқасында шет ел мұрағаттарында сақталған Қазақстанға қатысты қанша мұрамыз түгенделіп, елге жеткізілді. Юнесконың Әлемдік мұра тізіміне Қазақстанның бірнеше нысаны кірді. Оның ішінде тізімге мәдени және табиғи критерий бойынша іліккені бар. Сонымен қатар Жібек жолындағы 40 шақты нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген. Елдің мәдени өміріндегі тағы басты жаңалық, Астана опера және балет театрының бой көтеруі. Соңғы жылда әлемде осындай үш театр салынса, соның бірі біздің театр екенін мақтанышпен айтуға болады», - деді жауапты хатшы.

Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңін сөз еткен министрлік өкілі ономастика мәселесін де айналып өтпеді. Ономастикаға байланысты өзгерістерді енгізу жақын күндердің еншісінде. Соған қарағанда кезінде саясаттың салқынымен кез-келген келімсектің атымен аталып кеткен туған өлкеміздің тарихи атауларын қайтаратын күн де алыс емес.

Жауапты хатшы қоғамдық келісім мәселесіне де ерекше назар аударып, министрліктің тапсырысы бойынша жүзеге асып жатқан жобалардан хабардар етті. Осы жылдың өзінде ғана қоғамдық келісімді сақтауға арналған 50-дің үстінде арнайы жоба айналымға жіберілген.

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі кездесуден кейін бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар