ҚР Мәдениет және спорт министрі ауыр атлет А. Зайчиковты Хьюстондағы Әлем чемпионатындағы таңғаларлық жеңісімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр атлетші Александр Зайчиковтың Хьюстон қаласында (АҚШ) өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы жеңісі таңғаларлық оқиғаға айналды.
None
None

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа чемпионды жеңісімен құттықтап, алдағы жазғы Олимпиадада сәттілік тіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«Қазақ елінің төл спортына айналған ауыр атлетикадан Әлем чемпионатындағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз секілді жүректі, білекті азаматтарымыз барда Қазақстанның әнұраны барша адамзаттың алдында әлі де болса сан рет шырқалып, туы көкке көтерілетініне сенімдімін. Қазақ халқының дара ұлы Илья бастаған команда әрқашан тек жеңіс тұғырынан көрінеді деген ойдамын. Сендерге зор денсаулық, отбасыларыңа амандық, жаңа жеңістер тілей отырып, бүгінгі жетістігіңіз 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарында жалғасын тапсын дегім келеді!», - делінген министрдің құттықтауында.

Еске салып кетсек, Хьюстон қаласында (АҚШ) өтіп жатқан Әлем чемпионатында баршаға аса танымал емес қазақстандық ауыр атлетші Александр Зайчиков жеңеді деп халықаралық сарапшылар мен спорт шолушылары күтпеген еді. Александр - Қызылорда ауыр атлетика мектебінің түлегі, 105 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар