ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мансаптық өсу мәселесі талқыланды

деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің жетекшілері, халықаралық сарапшылар, жеке сектор, оның ішінде HR менеджерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.
Елбасының 2011 жылғы шілдедегі Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасына сәйкес мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу мемлекеттік қызметті кәсібилендірудің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің мансаптық өсуін ынталандыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол белгіленген әлеуметтік және лауазымдық мәртебеге ілгерілеуді білдіреді және мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесін анықтайды. Тұжырымдамада мемлекеттік қызметшінің қызметте жоғарылауы, оның атқаратын лауазымындағы жұмысының тиімділігін бағалау нәтижелеріне негізделеді деп көрсетілген.
Бұдан өзге, мемлекеттік қызметшінің қызметте жоғарылау мүмкіндіктеріне қанағаттану дәрежесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы персоналды басқару тиімділігі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қызметте жоғарылауды жоспарлау жүйесін енгізу осы ұғымды заңнамалық деңгейде бекітуді және «карьералық жоғарылау» өлшемдерін нормативтік айқындауды қажет етеді. Дөңгелек үстел қатысушылары мемлекеттік қызметшілердің қызметте жоғарылауын жоспарлаудың ғылыми және практикалық тәсілдерін, халықаралық тәжірибесін талқылады, сондай-ақ қызметте жоғарылау жүйесін енгізу мен дамыту бойынша ұсыныстар жасады.