ҚР Мемлекеттік орталық мұражайын былтыр 130 мың адам тамашалады

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - «Біз Алматыда жұмыс істейтін барлық туристік компаниялармен  келісім-шарт жасастық», - деді ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының 1-орынбасары Бейбітқали Қақабаев бүгін «Музей түніне» шарасы туралы баспасөз
None
None

мәслихаты кезінде.

«Алматыға келген туристердің көбі бізге соқпай кетпейді. Өткен жылы мұнда 130 мың адам келді. Оқушылар мен студенттер саны біркелкі. 7-8 жыл бұрын олар көп келетін. Қазір қайтадан баяу болса  да өсу үдерісі жүріп жатыр», - дейді Б.Қақабаев. Бейбітқали Смағұлұлының  айтуынша, бұрын қазақ мектептерінің оқушылары мұражайға аз келетін. Қазір олардың үлесі  орыс мектептерімен теңесті. 300 мыңнан астам жәдігері және 150 жылға жуық тарихы бар бұл мәдениет ордасы Қазақстандағы ең байырғы және ең ірі мұражай саналады.

Б.Қақабаев: «Соңғы 10 жылда мұражай өзінің ғылыми-зертеу әлеуетін көтеруге барынша күш-жігерін жұмсауда. Соның нәтижесінде «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық  жобасы аясында 2005-2007 жылдардағы  бірінші кезеңінде - 7, 2008-2011 жылдардағы екінші кезеңінде - 6 ғылыми-зерттеу жоба жүзеге асырылды. Қазір енді тағы 5 жобаны іске асырып жатырмыз. Олар өз жемісін бере бастады», - дегенді айтты.

Соңғы жаңалықтар