ҚР мен РФ ауыл шаруашылығы мамандары СҚО-да тұқым жаңарту мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын ауыстыру және жаңарту мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кеңесі өтуде. Бұл жайында өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР мен РФ ауыл шаруашылығы мамандары СҚО-да тұқым жаңарту мәселесін талқылады

Шараға Солтүстік Қазақстан облысының шаруаларымен мен қатар Ресейдің де ауыл шаруашылығы мамандары қатысуда. Отырысты ашқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов ауыл шаруашылығында сапасы жоғары тұқымды пайдалану және тұқымды дұрыс іріктеу дәнді дақыл түсімін үштен бір есеге дейін арттыратындығын атап өтті.

«Тұқым ауыстыру және тұқым жаңарту жұмыстарын дер уақытында жүргізу астық түсімін арттырудың барынша шынай тәсілдерінің бірі болып табылады», - деді Ерік Хамзаұлы.

Тұқым шаруашылығы, оның проблемалары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер мәселелері бойынша өңірдегі ағымдағы ахуал жайында СҚО әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров сөз сөйледі.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы тұқым жаңарту көрсеткіші 23 пайызға артқан. Дегенмен, 4-5 тұқымның көшірмесінің саны азайса, бірқатар шаруаларда жаппай егілетін тұқым көшірмесі ғана бар.

«Жоғарыда айтылған проблемаларды шешу үшін Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығы кәсіпорындармен жұмыстар жүргізілуде. Олар пісіп-жетілу мерзімі орташа тұқымдарды себуды ұсынып отыр», - деген ол ресейліктердің қазақстандық диқандарға астықтың «Омская 35», «Памяти Азиева», «Омская 38» «Омская 28», «Омская 36» сынды тұқымдарын себуге кеңес беріп отырғандығын айтты.

РФ Ауыл шаруашылығы академиясы Сібір ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Павел Поползухин де екі елдің шекаралас облыстарының ауа райы ұқсас болып келетіндігін, бірлесіп сынақ жұмыстарын жүргізу тиімділігін айрықша атап өтті.

«Біздерде пісіп-жетілу деңгейі әр түрлі тұқымдарды жасауда өзіндік конвейнер бар десек те болады. Астықтың өте жоғары сапасын беретін бидайдың қатты тұқымы да бар. Қазақстандық ғалымдармен бірлесіп әзірлеген сұрыпымыздың да бар екендігін айтқым келеді. Жаңа тұымдарды қазақстандықтар да сынақтан өткізуде. Соңғы жылдары ішінде Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары бізден шамамен 3,4 мың тонна астық тұқымын сатып алды», - деді ол.

Кеңес барысында Қорған облысына қарасты «Кургансемена» агрохолдингі ғылыми орталығының директоры Артем Моргунов, «Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты Ольга Гаас сөз сөйледі.

Жиын қорытындысында тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу, сонымен қатар РФ кәсіпорындары мен облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында тұқым сатып алу туралы бірқатар меморандум мен келісімге қол қойылды.