ҚР-ның 2011-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламасының жобасы қаралды

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламаның жобасы қаралған кеңес өткізді.

ҚР-ның 2011-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламасының жобасы қаралды

Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламаны талқылауға орталық атқарушы органдар басшылары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, ҚР Парламентінің депутаттары, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің, Бас прокуратураның және басқаларының өкілдері қатысты.