ҚР-ның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамдары Үкімет отырысында мақұлданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізді, оның барысында 2015-2019 жылдарға және 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың нақтыланған болжамдары қаралып, мақұлданды.

ҚР-ның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамдары Үкімет отырысында мақұлданды

Сондай-ақ, «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы жөніндегі қаулы қабылданды, деп хабарлады ҚР Үкіметі басшысының сайты.

Аталған құжаттар ҚР Парламенті қарауына жіберіледі.