ҚР Омбудсмені: Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі қызметінің мәнін бұрмалауға жол берілмеуі қажет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының атына аталмыш тетік қызметінің мәнін бұрмалауға жол берілмеуі туралы үндеухат жолдады.
«ҰАТ қатысушыларының қызметін үйлестіруге және олардың қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімдерін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлға» ретінде ол олардың жұмыстарына кемсітпейтін тәсілдемесінің қажеттілігіне назарын аударды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Омбудсмен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 2015 жылғы 3 қыркүйекте өткен ҰАТ Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы хабардар етті. Онда ҰАТ шеңберінде жекелеген тұлғаларға қатысты, азаптау фактілерін расталмағанына әкелген бірқатар арнаулы болулардың қорытындылары талқыланды.
Үндеухат авторы отырысқа қатысушылар «баспасөз бен шағымдарда қамтылған В.И. Козловқа қатысты азаптаулардың болғаны туралы мәлімдемелер, соның ішінде оның түсініктері негізінде де расталмағаны туралы бірауыздан қорытындыға келгенін» көрсетті.
Ұқсас нәтижесі болған аталмыш үрдіс ақырында расталды және Е. Нарымбаевқа қатысты мониторинг қорытындысы бойынша «бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәлімдемелер мен келіп түскен шағымдар тағы да расталмады».
Үйлестіру кеңесінің мүшелері - белгілі құқық қорғаушылар халықаралық құқықтың талаптарына жауап беретін ҰАТ қызметінде қоғамға қатысты ашықтықты қамтамасыз ету қажет екендігі туралы ортақ пікірде болды, алайда оның мақсаттары мен міндеттерімен ешқандай саясаттандыру сәйкес келмейді.
«ҰАТ борышы оның атауынан-ақ белгілі және алдын алу сипатта», -деп түйіндеді А. Шәкіров. Яғни ҰАТ «болжамданған азаптау фактілерін зерттеудің қайталайтын тетігін құру» емес, жүйелі проблемаларды айқындауға және адам құқықтарының бұзылуын алдын алуға бағытталған, бұл БҰҰ Азаптауды алдын алу жөніндегі шағын комитетінің ұстанымында және шетелдік тәжірибеде тікелей көрініс тапты.
Сондықтан ҰАТ арнаулы болуларына ең жоғары талаптар қойылады - олар «болған азаптаулар туралы келіп түскен мәлімдемелер негізінде ғана» жүргізіледі.
Омбудсмен бар тәәжірибені жоғары бағалады: «Арнаулы болулар шын мәнісінде бірқатар оқиғаларда қатыгез іс-әрекеттер туралы мәлімдемелерге жедел түрде жауап беруге, фактілерді анықтауға, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша шұғыл шараларды қолдануға көмектесті. Әрине, аталмыш тәжірибенің жөні бар, ол қажет және алдағы уақытта да қолданылатын болады».
Сонымен бірге, Омбудсмен ҰАТ қатысушыларын бұл мүмкіндікті «контрпродуктивті мақсаттарда» қолданудан сақтандырады, бұл ҰАТ мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің тиімділігіне жағымсыз әсерін тигізеді және «жекелеген бұқаралық тұлғалардың тарапынан, бірінші кезекте құқық қорғаушылардың өз ортасында объективті емес сын үшін негізге айналады».
«ҰАТ жұмысында жағдайларына басқаларына кесірін тигізетіндей басымды назар аударылатындай белгілі тұлғалар тобын негізсіз бөліп қарауға жол берілмейді. ҰАТ оған тән емес түрлі қызметке тартудың бүлдіргіш әрекеттері созылмалы жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін, соның ішінде қоғамдық сенім жүктелген тұлғалар үшін де. Жекелеген қамаудағыларға диспропорциялық назар бөлінуі мекемелерде орналасқан тұлғалардың көбінде жағымсыз кертартпалығын тудыруда», - деп көрсетеді А. Шәкіров жолданған құжатта.
Осыған байланысты қазақстандық Омбудсмен жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҰАТ мәнін бұрмалайтын кез келген әрекеттердің бетін қайтаратынын хабарлады.
Мемлекеттік органдардың ҰАТ ұсынымдарын іске асыруы бүгінгі кезеңде оның тиімділігінің басты көрсеткіші болып табылатынын қосып айту қажет. Мысалы, Үйлестіру кеңесінің ескерілген отырысы барысында мемлекеттік органдардың өкілдері сотталушылардың орналасу жағдайларын жақсарту мақсатында бірқатар заңға тәуелді актілерді қайта қарауға келісімін беруіне қол жеткізілді.