15:09, 11 Наурыз 2016 | GMT +5
ҚР ОСК 110 байқаушыны аккредиттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдардан және шет мемлекеттен байқаушыларды аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

Қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкованың айтуынша, құжатқа сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен сайлауды байқау жөніндегі екі миссиядан және бір халықаралық ұйымнан 110 байқаушыны аккредиттейді.
«Олардың ішінде 34 байқаушы - ТМД байқаушылары миссиясынан, 1-еуі - ШЫҰ миссиясынан, 75-і - ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясынан», - деді Т.Охлопкова.
Айта кетерлігі, шетелдік байқаушыларды аккредиттеу 14 наурызға дейін жалғасады.