ҚР ОСК «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін толық тіркеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Нұр Отан» партиясының Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялық тізімі толық тіркелді.

ҚР ОСК «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін толық тіркеді (ФОТО)

«Сіздердің назарларыңызға «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Сіздер қолдасаңыздар, қаулы бойынша «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімін бүгін тіркейміз. «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша тіркелген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәлік берілсін. Партиялық тізімді тіркеу туралы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. «Нұр Отан» партиясы атауы сайлау бюлетеніне енгізілсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.

Оның атап өтуінше, «Нұр Отан» партиясы ОСК-ге толық құжаттарын тапсырды. Партиялық тізімге енгізілген азаматтардың ҚР-ның «Сайлау туралы» заңнамасына сәйкестігі еліміздің Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасы арқылы тексерілген. Аталған ведомстволар берген ақпараттарға сәйкес, партиялық тізімдегі азаматтардың барлығының да заңға сәйкестігі анықталды. Кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы және мүлкі туралы декларациялары салық органдарының анықтамаларымен расталды.

«Сайлау заңнамасы бойынша «Нұр Отан» партиясы жарна төлеуден босатылады. Себебі 2012 жылы өткен сайлауда «Нұр Отан» партиясы 7 пайыздан көп дауыс жинаған болатын», - деп қосты комиссия хатшысы.

Осыдан кейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшелері сәйкесінше қаулыны бірауыздан қабылдады.
null null null null null null