ҚР ОСК партиялар арасында саяси пікірталас ұйымдастыруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ОСК партиялар арасында саяси пікірталас ұйымдастыру мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
None
None

«Қандай да бір тұлғаның суретін пайдалану арқылы сайлауалды үгіт-насихат жүргізу оның жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі. Сайлау туралы заң ережелерін тұлғаларға заңмен белгіленген жауапкершілік қолданылатын болады», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Ол Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, сайлау процесіне барлық қатысушылардың сайлау заңнамасы нормаларының сақтауына бақылау жүргізетіндігін де атап өтті.

«Сонымен қатар заңнамаға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы саяси пікірталас ұйымдастыруы да мүмкін екендігін атап өткім келеді. Ол үшін сайлауға қатысатын саяси партиялар оған қатысуға өздерінің дайын екендігін білдіруі қажет», - деді ҚР ОСК төрағасы.

Соңғы жаңалықтар