ҚР ОСК: Президент сайлауына қатысты 11 мыңға жуық материал жарияланды

«Мониторинг 53 республикалық баспа басылымын, 16 республикалық телеарнаны, 179 өңірлік баспа басылымын, 29 өңірлік телеарнаны, сондай-ақ 7 ақпарат агенттігі мен 117 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды. Әлеуметтік желілерде мониторинг 200-ден астам қоғамдастық пен қоғамдық пікір жетекшілерінің 250 парақшасын, Youtube бейнепорталындағы 30 пайдаланушы арналарды, Twitterдегі өзекті хештегтер лентасындағы жаңартуларды қамтыды»,- делінген ОСК хабарламасында.
2015 жылғы 25 ақпаннан 25 наурызға дейінгі кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ-тар сайлау тақырыбы жөнінде 10990 материал жариялады. Республикалық телеарналарда эфирге 1473 сюжет (21 %), газеттерде 731 мақала (10 %), ал интернет-ресурстарда 4850 жарияланым (69 %) орналастарылды.
Өңірлік БАҚ-тарда жалпы алғанда сайлауға байланысты 3936 материал жарияланды. Олардың ішінде 1582 сюжет (40 %) телеарналар эфиріне шықты, 1637 (42% ) баспа басылымдарында жарияланды және 717 (18 %) материал интернет-ресурстарда салынған.
Бұқаралық ақпарат құралдары лингвистикалық комиссияның қызметіне және Президенттікке ұсынылған үміткерлердің Президенттікке кандидаттарға қойылатын Конституция мен сайлау туралы заңның талаптарына сәйкестігін анықтау процесіне белсенді қызығушылық танытты. Кандидаттарды қолдап қол жинау рәсіміне, олардың растығын тексеру және ұсыну қорытындыларына қазақстандық БАҚ 800-ден астам материал арнады. Президенттікке кандидаттарды тіркеу қорытындылары, сайлауалды үгітті жүргізу тәртібі мен шарттары туралы 400-ге жуық материал жарияланды.