Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Парламенті депутаттарынан құралған ақпараттық -насихаттық топ Жаңаөзен қаласында болды

ҚТАУ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - ҚР Парламенті депутаттарынан құралған ақпараттық -насихаттық топ Жаңаөзен қаласында болды,

ҚР Парламенті  депутаттарынан құралған ақпараттық -насихаттық топ Жаңаөзен қаласында болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты қорғау мәселелері комитетінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев бастаған құрамында Мәжіліс пен Сенаттың тоғыз депутаты бар ақпараттық топ Жаңаөзен қаласында болып, қала активімен кездесті.

Актив пен қала депутаттарына топ жетекшісі Кенжеғали Сағадиев Елбасының Жолдауы мен оның басым бағыттарын терең талдап түсіндірді. Соның ішінде, таяу он жылда еліміз алдында тұрған маңызды міндеттер мен экономикалық, әлеуметтік саладағы жасалатын жұмыстарды баяндады.

Әсіресе, Жолдауда көрсетілген Қазақстанды өнеркәсіпті елге айналдыру, индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру, өңдеу саласын дамытып, өндіріс пен ауыл шаруашылығын заманауи жаңа техникалармен жабдықтау, еңбек өнімділігін арттыру мен бәсекеге қабілетті білікті мамандарды өз елімізде тәрбиелеп, шығарудың маңызы мен рөліне кеңінен тоқталды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Зейнолла Алшымбаев Жолдауда қамтылған міндеттерді аймақта атқарылып жатқан және болашақта атқарылатын өміршең жобалармен ұштастыра отырып айтты.

Қазыналы өңірдің қазіргі күнде қай саладан алғанда да өрлеу үстіндегі және халқының әлеуметтік мәселесі толықтай шешім тапқан, еліміздегі инфляция деңгейі ең төмен бірден-бір өңір екендігін айтып, аймақ халқы Елбасының биылғы Жолдауын жүзеге асыруда да көшбасшы болатынына сенім білдірді.

Актив жиналыста қалалық мәслихат депутаттары сөз сөйлеп, қабылданған заңдар мен Үкімет қаулыларының орындалысын бақылау тетіктерін жетілдіру, аймақтың экономикасын Жолдауда айтылған талаптарға сай одан әрі көтеру мақсатында өңірдегі уақытша тоқтатылған мұнай, газ кен орындарын игеру жұмыстарын қайтадан қолға алу мен басқа да еліміз бен аймақ үшін айрықша маңызға ие бірқатар мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сол күні осындай басқосу Теңге ауылында да өтті. Онда ауыл тұрғындары мен ақсақалдарға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж. Сәрсенқұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Сейітмағанбетова Жолдауды түсіндіріп, қойылған сұрақтарға нақты да тұшымды жауаптар қайтарды. Барлық басқосуларда адамдар Жолдауды қызу қолдайтындықтарын айтты. Кездесулер іскерлік жағдайдағы ашық әңгіме түрінде өтті.