Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Парламенті депутаты Серік Оспанов үлескерлермен кездесті

АҚТАУ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - ҚР Парламенті депутаты Серік Оспанов ақтаулық үлескерлермен кездесті,

ҚР Парламенті депутаты Серік Оспанов үлескерлермен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серік Оспановпен кездесуге келгендер - Ақтау қаласындағы 12 шағын ауданнан салынған жаңа үйдің үлескерлері.

«РАП Құрылыс» ЖШС-і салған үй әлі күнге дейін өз иелеріне берілген жоқ. Өйткені үй толық аяқталмаған. Аталмыш мекеме үйдің салынып бітуі тиіс мерзімін кешіктіріп, уәделерінде тұрмағандықтан 87 адам бүгінде сергелдеңде жүр.

Депутатпен кездесуде үлескерлер өздерінің шағымдарын айтып, жергілікті билік органдарының бұған аса назар аудармай отырғандарын айтты.

«Біз заңгер емеспіз, сондықтан бізге көмек керек. Тығырыққа тірелгендер үшін кеңес беріп жатқан да еш жер жоқ. Біз тіпті өзіміздің үйіміз туралы нақты мәліметті де білмейміз» дейді үлескер Чембаева Зоя.

Үлескерлердің шағымын мұқият тыңдаған Серік Оспанов бұл мәселелер бойынша айналысатынын айтты.