ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерді аралауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары өңірлерге іссапарлары барысында іргелі кәсіпорындардың ұжымымен кездесіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан әлеуметтік нысандармен таныспақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Оксана Лоскутованың хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Алматы қаласына барып, Алатау ауданындағы «BRB APK» ЖШС жылыжай кешенінің ұжымымен кездесуде. Сонымен бірге, бүгін Мәжіліс депутаттары Майра Айсина, Сергей Звольский, Жанат Омарбекова, Сапархан Омаров, Мұрат Теміржанов және Михаил Чирков Көкшетау қаласында «КамазИнжинирнг» АҚ ұжымымен кездесу өткізіп жатыр.

Ал ертең палата депутаттары Павел Казанцев, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Қанат Мусин, Абай Тасболатов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысады. Сол күні Кәрібай Мұсырман, Артур Платонов, Петр Шарапаев, Ольга Шишигина қатарлы мәжілісмендер Солтүстік Қазақстан облысындағы «Көпсалалы жабдықтар зауыты» ЖШС ұжымымен кездеседі.

Аян Бекенұлы

Соңғы жаңалықтар