ҚР Парламентінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының отырысы болды
деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қыркүйектің 1-інде Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде алға қойылған міндеттерді орындау жөніндегі фракция іс-шараларының жоспары мақұлданды.
Фракция жетекшісінің орынбасары Владимир Нехорошевтің қыркүйектің 7-сіндегі Саяси Кеңес бюросындағы фракцияның есебі туралы хабарламасы тыңдалды. Есеп депутаттардың жазғы уақытта аймақта болуы қорытындылары бойынша жасалған болатын. Парламентшілердің айтуынша, депутаттар 600-ден астам елді мекендерде болып, 100 мыңға тарта адамды қамтыған 1000-нан астам кездесулер өткізген. Партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтардың 3000-ға тарта өтініштері қаралған. Республикалық және жергілікті БАҚ-тарда депутаттардың аймақтардағы жұмысы туралы 350-ден астам әртүрлі материалдар жарияланған.