ҚР Парламентінің депутаттары Солтүстік Қазақстан облысында Елбасы Жолдауын түсіндіруде

ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан – дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының ақпараттық-насихаттық тобы бүгін Петропавлда болды,

ҚР Парламентінің депутаттары Солтүстік Қазақстан облысында Елбасы Жолдауын түсіндіруде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мәжіліс депутаттары тобының құрамында Ерлан Нығматулин (топ жетекшісі, экология және табиғат мәселелері комитетінің төрағасы), топ мүшелері Петр Дмитриенко, Әлияр Жарасбаев, Аманжан Жамалов, Мұхтар Тінікеев бар. Жұмыс сапарының барысында депутаттар алдымен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының активімен, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарымен, БАҚ өкілдерімен кездесті. Ерлан Нығматулин өз сөзінде Елбасы Жолдауының негізгі қағидаттарына тоқталып, «бұл құжаттың әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның дамуы үшін маңызы зор, онда Мемлекет басшысы және «Нұр Отан» партиясының көшбасшысы бүгінде қазақстандықтарды толғантып отырған барлық мәселелерге жауап қайтарды», - деп атап өтті. Топ жетекшісі кездесуге қатысушыларға бүгінде ел Үкіметі мен Парламент Елбасы тапсырмаларын орындауда қандай жұмыстар жүргізіп жатқаны жөнінде егжей-тегжейлі баяндады. Бұдан кейін Мәжіліс депутаттары кездесуге қатысушылардың шағын және орта бизнеске, кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа және тұрғын үй қатынастарын дамытуға қатысты заңнамалар жөніндегі сұрақтарына жауап берді. Екінші осындай кездесу Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болды. Мұнда Елбасы Жолдауын жүзеге асыру және қолға алынып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар әңгіме болды. Парламент депутаттары жұмыс сапары барысында Петропавлдың медицина қызметкерлерімен кездесіп, 2-ші қалалық аурухананың жаңа кардиологиялық орталығында, «Абылай хан ордасы» мұражай кешенінде болды. Бұдан кейін олар Қызылжар ауданына аттанды, мұнда ақпараттық-насихат тобының мүшелері аудандық емхана мен оңалту орталығында, «Сүт-сервис» ЖШС кәсіпорнында болып, сапар соңында Бескөл ауылында аудан орталығының тұрғындарымен кездеспек.