Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Премьер-Министрі Ақтау қаласының №28 бөбекжайында болды

АҚТАУ. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Маңғыстау облысына екікүндік сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақтау қаласының №28 бөбекжайында болды.

ҚР Премьер-Министрі Ақтау қаласының №28 бөбекжайында болды

2009 жылдың қазаны мен 2010 жылдың сәуірі аралығында аталмыш 280 орындық мектепке дейінгі мекеме күрделі жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде 70 жұмыс орны құрылды. Жобаның құны - 188,4 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен - 105,7 млн. теңге, ал жергілікті бюджеттен 82,7 млн. теңге бөлінді.