ҚР Премьер-Министрі Ауыл шаруашылығы министрлігіне мал азығы өндірісіндегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шараларды ұсынуды тапсырды
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бір айдың көлемінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне мал азығы өндірісіндегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шараларды ұсынуды тапсырды.
"20 жыл ішінде елдегі жем-шөп егістіктерінің көлемі 5 есеге дейін қысқарған. Егер мал азығы жетіспей жатса, асылтұқымды мал басын көбейту жөнінде сөз көтеру қисынсыз. Бұл өте күрделі мәселеде жүйелілік жоқ", - деп атап көрсетті С.Ахметов.
Оның айтуынша, шағын несиелік ұйымдар бұл саланы өрге домалата алмайды.
"Бір айдың көлемінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне мал азығы өндірісіндегі жағдайды тұрақтандыру бойынша шараларды ұсынуды тапсырамын. Аталмыш сұрақ бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет", - деп қадап айтты Үкімет Басшысы.