ҚР Премьер-Министрі АВТОВАЗ және БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО басшыларымен кездесті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов АВТОВАЗ президенті Бу Инге Андерссонмен және БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкинмен кездесті.
None
None

Кездесу барысында тараптар Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ аумағындағы толық циклды көлік өндірісі құрылысының барысын талқылады.

Өскеменде дәнекерлеу және бояу режімінде қуаттылығы 120 мың автокөлік өндірісін және атвоқұрауыштар шығару бойынша технопарк құру 2013 жылдың қараша айында басталған. Өнеркәсіп саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықтың аса ауқымды жобасы «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» және «АВТОВАЗ» ААҚ холдингінің күшімен жүзеге асуда. Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асырудың инвестицияалды кезеңі аяқталып, аумағы 523 га территорияның вертикалды жоспары орындалған, құрылыс материалдарын қосымша өндіру пайдалануға берілген, инженерлік коммуникациялар салына бастады. Инвесторлар сондай-ақ ЕАЭО елдері нарықтарына жобаның экспорттық инфрақұрылымын әзірлеу туралы айтты. 2015 жылдың басынан бері Сібір мен Орал аумағында 15 автоорталық ашылған, олар Өскеменде шығарылған автокөліктерді сатып, оларға қызмет көрсетеді. Жобаға қазірге дейін серіктестер 33 млрд. теңгеден артық қаражат бағыттаған. Оған салынатын қаржының жалпы көлемі $1,47 млрд.-тан асады. Кездесу қорытындысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов салынып жатқан өндірістің қазақстандық автоөнеркәсіп саласындағы ерекше рөлін атап өтіп, жобаға мемлекеттік институттар тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар