ҚР Премьер-Министрі Азиада-2011 өткізу кезінде қауіпсіздік мәселелерін пысықтауды тапсырды
АЛМАТЫ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Азиада-2011 өткізу кезінде қауіпсіздік мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Ағымдағы жылғы мамырдың 1-іне дейін қауіпсіздік, күзет және кеден мәселелрін түгелдей шешу қажет. Бұл туралы Премьер сәрсенбі күні, наурыздың 24-інде Алматыда қала активімен кеңесте айтты.
«Мамыр айында отырыс өткізіп, оны осы мәселелерге арнау қажет», - деді Премьер-Министр. Ол сондай-ақ магистралдық инженерлік желілермен, шаңғы және биатлон трассаларымен байланысты проблемаларды пысықтауды тапсырды.
Туризм және спорт министрінің орынбасары Талғат Ермегияевтің айтуынша, қауіпсіздік мәселелері елдің ІІМ және ҰҚК органдарымен пысықталуда.
Алматы әкімінің орынбасары Виктор Долженков алдағы Азиада ойындарының нысандары құрылысы бойынша барлық жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.