ҚР Премьер-Министрі Байланыс саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы қаулыға қол қойды

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 19 желтоқсан, № 1620 Астана, Үкімет Үйі
Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған байланыс саласында қызметтер ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға өтініш берушінің біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті байланыс саласында қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтің лицензиары болып белгіленсін.
3. «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 909 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 429-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік талаптары мен өлшемдерінде:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуде операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) акцияларды (үлестердi, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екi апта мерзiмде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиiсті ақпаратты береді;»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚХБО желілерiмен басқа байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, Телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ҚХБО мәртебесiн берген сәтте байланыс операторының иелігіндегі және (немесе) ол пайдаланылатын қолданыстағы телекоммуникация желiсi көлiктiк телекоммуникация желiлерiнен (магистральды және iшкi аймақтық байланыс желiлерi) қалааралық және халықаралық коммутация станцияларынан, трафик (биллинг) есеп айырысу жүйесiнен, желiнi басқару жүйесiнен және тактiлi желілiк синхрондау жүйесiнен тұруы тиiс;»;
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
7. «Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсынатын байланыс операторының техникалық персоналына қойылатын бiлiктілiк талаптары:».
4. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов