ҚР Премьер-Министрі «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасының жобасын пысықтауға тапсырма берді

АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (С.Аханов), ҚР Кәсіпкерлері форумының (Р.Баталов), «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП (А.Перуашев), аймақтық бизнес-құрылымдарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, Қазақстан Ұлттық банкінің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу және қадағалау агенттігінің, сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдарының басшыларымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын әзірлеу және іске асыру тәсілдері бойынша консультация өткізді.
None
None

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың хабарлауынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аймақтардағы кәсіпкерлікті дамытуға бағдарланған. Онда кәсіпкерлікті дамыту есебінен аймақтарда тұрақты жұмыс орындарын құруға бағытталып, әрбір аймақтың экономикалық әлеуеті ескеріледі және 4 негізгі бағыт бойынша іске асырылатын болады:

- несиелер бойынша пайыздық ставкалармен субсидиялау;

- кепілдік берілген несиелер;

- индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту;

- бизнеске сервистік қолдау көрсету.

Премьер-Министр талқылау қорытындылары бойынша бағдарламалардың жобаларын пысықтауды және ҚР Үкіметінің кезекті отырысында қарау үшін құжаттарды даярлауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум