20:18, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі демалыс күнін ауыстыру туралы Үкімет қаулысына қол қойды
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2012 жылғы желтоқсандағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов демалыс күнін 2012 жылғы 29 желтоқсан сенбіден 31 желтоқсан дүйсенбіге ауыстыру туралы Үкімет Қаулысына қол қойды.

Қаулыға сәйкес, қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай - ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсанда жұмыс жүргізуге құқық беріледі, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. .
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.