Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Премьер-Министрі «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелері жөнінде мәжіліс өткізді

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалық етуімен «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.

ҚР Премьер-Министрі «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелері жөнінде мәжіліс өткізді

Үкімет басшысының ресми сайтының хабарлауынша, мәжілісте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы 6 қаңтарда «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Мәжіліске қатысушылар «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындықтың Ұлттық жоспарының негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, көрменің Тіркеу құжаттамасының жобасын әзірлеу, Халықаралық көрме бюросымен өзара әрекеттестік, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация құру және оның жұмысын жолға қою мәселелері қарастырылды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.