Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов экономика және банк секторы мәселелері бойынша кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов екінші деңгейлі банк басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов экономика және банк секторы мәселелері бойынша кеңес өткізді

Кеңес жұмысына сондай-ақ «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚҚҚ Кеңесіңнің төрағасы Асқар Елемесов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, мүдделі мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялар өкілдері қатысты.

Кездесу қатысушылары экономика және банк секторының ағымдағы жағдайын талқылады. Атап айтқанда, экономиканың нақты секторын және ШОБ-ті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шаралар қаралды.

К.Мәсімов баса айтып өткендей, биылғы жылдың 1 тамызынан бастап республикалық бюджет комиссиясы өз жұмысын бастайды. Өткізілген кеңестердің және РБК жұмысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына ағымдағы жылға және орташа мерзімді перспективаға экономикалық саясаттың нақты шараларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Экономиканың нақты секторы өкілдерінің қатысуымен келесі кеңес тамыздың бірінші онкүндігінде өткізіледі.