ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов Республикалық бюджеттік комиссияның отырысын өткізді
ТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысына дейін еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Республикалық бюджеттік комиссияның (РБК) отырысын өткізді, деп хабарланды www.facebook.com:80/KMassimov сайтында.
РБК мүшелері «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын мақұлдады, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын арттыруды көздейтін нормативтік-құқықтық актілерді талдау қорытындысы бойынша материалдарды қарады.
Қосымша ақпаратты www.pm.kz сайтынан көріңіздер.