18:48, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов апта соңында Қостанай облысында болады
ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Алдағы сенбі күні, қаңтардың 31-інде, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қостанай облысында болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сапар бағдарламасында Рудный қаласындағы кеншілер кәсіпорыны ? «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-да болады. Үкімет басшысы Қостанайда әлеуметтік нысандармен танысады және дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыру мәселелері мен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша кеңес өткізеді.