ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты (ФОТО)
К. Мәсімов Қостанай әуежайына барды.
К. Мәсімов Қостанай әуежайының қауіпсіздігін тексерді. ҚР Премьер-Министріне Қостанай әуежайының ұшу-қону жолағын және аэровокзалды реконструкциялау туралы баяндады.
К. Мәсімов «Аэропорт» шағын ауданындағы тұрғын үй кешенін салу барысымен танысты.
Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалға және несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына 113 млрд теңге бөлінді.
Аймақ басшылығы К. Мәсімовті өңірде тұрғын үй құрылысының жүзеге асырылуы туралы хабардар етті.
К. Мәсімов «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-не барды.
К. Мәсімов елімізде құрастырылған электромобильге мініп көрді.
Премьер-Министр «СарыарқаАвтоПром» ЖШС басшылығымен Қазақстандағы автомобиль құрастырудың өзекті мәселелерін талқылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы аясындағы халыққа қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес.
К. Мәсімов «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды
Ағымдағы жылы Қазақстан халқына «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы 8,6 млн қызмет көрсетілді.
К. Мәсімов Ы. Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық музейдің қызметімен танысты.
К. Мәсімов Рудный қаласындағы сүт өнімдерін шығаратын «Лидер-2010» ЖШС-да болып, азық-түлік өнеркәсібінің дамуымен танысты. Өңдеуші кәсіпорын қызметкерлері К. Мәсімовке өндіріс процесін, дайын өнімдердің үлгілерін көрсетті.
Қостанай облысындағы және Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту жағдайы мен перспективалары туралы кеңес.
К. Мәсімов Қостанай облысының ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кеңес өткізіп, өңірлік АӨК-нің өзекті мәселелерін талқылады.
ҚР Премьер-Министрі ССТӨБ металл прокат зауытының жұмысымен танысты.
Кәсіпорын басшылығы Кәрім Мәсімовке өндірілетін өнімді таныстырды.
Кездесу барысында К. Мәсімов кәсіпорындардағы жұмыс үдерістерімен танысты.