ҚР Премьер-Министрі Қостанайда дағдарысқа қарсы кеңес өткізді

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – Қостанайда дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру және Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша өткен кеңес аяқталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеңесте облыс әкімі Сергей Кулагин аймақ экономикасының іс жағдайы туралы ақпарат берді, атап айтқанда ол өндірістің, ауыл шаруашылығының және әлеуметтік саланың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Мысалы, 2008 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қостанай облысының өндірістік кәсіпорындары 334,7 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,1 пайызға артық. Сонымен қатар, өндірістік өнімдердің іс жүзіндегі көлемінің индексі 96,2 пайызды құрады. Оның төмендеуіне тау-кен өндіру саласындағы жағдай әсер етті. Тау-кен-металлургия кешеніндегі өнімдерге деген сұраныстың төмендеуі Қостанай облысының ірі өндірістік кәсіпорындарына да әсерін тигізді. Бүгінгі күні өндірісте 52 мыңнан астам адам қамтылған, еңбекақы облыс бойынша орташа еңбекақыдан 1,2 есе жоғары (облыс бойынша еңбекақы ? 43717 теңге, өнеркәсіпте ? 53947 теңге).Қостанай облысындағы экономиканың тұрақтылығын нығайту ұқсатушы өнеркәсіптің үлесін арттыру есебінен көзделіп отыр. 2008 жылы индустриалдық-инновациялық даму жоспарына сай осы салада 2 млрд. теңге сомаға 10 жоба іске асырылды. Нәтижесінде ұқсатушы өнеркәсіптің іс жүзіндегі көлемі 106 пайызға жетті. Осы жұмыстарды 2009-2013 жылдары жалғастыру үшін жалпы сомасы 450 млрд. теңгенің 46 жобасы жоспарланған, олар 9 мың жұмыс орындарын, оның ішінде 40,7 млрд. теңге сомаға 2009 жылы 23 инвестициялық жобаны берді. 2008 жылы шағын және орта бизнесті қолдау бойынша іс-шара қабылданған болатын. Облыстық бюджеттен кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру үшін 400 млн. теңге бөлінді және «Даму» қорына 200 млн. теңге берілді. Бүгінгі күні 400 млн. теңгенің сомасына 17 жоба несиелендірілді.2008 жылы Қостанай облысының ауыл шаруашылығына облыстағы барлық қаржы институттарының, оның ішінде «ҚазАгро» ұлттық холдингіне кіретін қаржы институттарының қаржылай қолдау көрсету көлемі 20 млрд. теңгені құрады, олардың 13 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді.Ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2009 жылы астық дақылдарын себудің алаңын 107 мың. гектарға арттыру жоспарлануда. 2008 жылы әлеуметтік қорғау жүйесі бойынша шығындар 1,5 есеге артты және 3,6 млрд. теңгені құрады.Сондай-ақ, кеңесте Соколов-Сарыбай кен-өндірістік бірлестігінің президенті Мұхмеджан Турдахунов сөз сөйледі. Ол қазіргі кезде қиын жағдайды бастан кешіріп отырған кәсіпорынға назар аударғаны үшін Үкімет басшысына алғыс айтты. Акционерлік қоғам президенті бірлестік жұмысының экономикалық көрсеткіштерін баян етті. «Біз билікпен арадағы жасалған меморандум бойынша өзіміздің барлық уәделерімізді орындау үстіндеміз,-деді М. Турдахунов. ? Біз өндірісті кеңейтудеміз, жұмыс орындарын сақтаудамыз. Осының нәтижесінде біз шамамен 5 мың адамды қысқарудан сақтап қалдық. Биылғы жылы кәсіпорын 3 млрд. теңге әлеуметтік шығыстарды үнемдеуді көздеп отыр. Бұл бағдарламалар қысқартуға жатпайды, дегенмен бізге Үкіметтің қолдауы керек».«Соколов-Сарыбай кен -өндірістік бірлестігі» АҚ президенті үкіметтен күтіп отырған көмектер қатарында кен кәсіпорындарына преференциялар, өндірістік жобаларды жүзеге асыруға жеңілдікті кредиттер беруді, сондай-ақ темір жол тарифтерін көтеруге жол бермеуді айтты. Бұлардан бөлек, кеңесте «Иволга-Холдинг» ауылшаруашылығы компаниясының бас директоры Василий Розинов және Арқалық әкімі Амангелді Мұхитбеков сөз сөйледі. Кеңес аяқталғаннан кейін ҚР Премьері журналистерге Қостанай облысына сапарының қорытындысы бойынша ең бастысы ? мұнда жұмыс орындарының қысқармайтындығы туралы ақпарат алғандығын айтты.ҚР Премьер-Министрінің облысқа жұмыс бабындағы сапары осымен аяқталды.
Соңғы жаңалықтар