ҚР Премьер-Министрі Қостанайда дағдарысқа қарсы кеңес өткізеді

ҚОСТАНАЙ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Ертең ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қостанай облысында жұмыс сапарында болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Үкімет басшысының сапары бағдарламасында «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның Сарыбай карьерінде, сондай-ақ кәсіпорынның құрылыс алаңдары ? металл прокаты зауыты мен жылу-электр орталығының энергия блогында болу жоспарланған.Премьер-Министр Қостанай ауданында жаңа ауданаралық туберкулез ауруханасын ашады, ал облыс орталығында дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары мәселелері бойынша кеңес өткізеді.
Соңғы жаңалықтар